Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы қызметтен кетті

1312
Adyrna.kz Telegram

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Нұрлан Қылышбаев комитет басшысы болып 2022 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын. Алайда басшы бүгін өз қызметінен кетті. Әлеуметтік желідегі парақшасына:

«Бүгіннен бастап басқа жұмысқа ауысуыма байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегі жұмысымды аяқтаймын. Елімнің табиғатына қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік болды. Әріптестеріме үлкен алғыс айта отырып, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!»,- деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш комитеттің басшылық қызметіне келместен бұрын 2016 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған.

Пікірлер