Жетісу облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы ұсталды

1707
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысы Төтенше жағдай департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаров ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп жазады "Адырна".

Құзырлы органдардың мәліметінше, Ізбасаров жемқорлық фактісі бойынша кінәлі деп танылды.

"Иә, біз оның сыбайлас жемқорлыққа қатысты кінәлі деп танылғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді. Толық ақпарат кейінірек жарияланады", - деді Антикор баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Ізбасаров Жетісу облыстық ТЖД басшысы лауазымына 2022 жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.

 

Пікірлер