Бас сәулетшінің әуелі "қызметінен кетіп" ұсталғаны айтылды

1183
Adyrna.kz Telegram

Қамауға алынған Алмасхан Ахмеджанов қылмыстық іс жүргізілмей тұрып мамыр айының соңында Алматының бас сәулетшісі қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Алматы әкімдігі Алмасхан Ахмеджановтың 2018 жылдың 20 желтоқсаны мен 2023 жылдың 31 мамыры аралығында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметін атқарғанын хабарлады.

Өз кезегінде Антикор ресми өкілі Алмасхан Ахмеджановтың жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдікті екенін растады.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмеджанова жер телімдерін беру және нысандар құрылысына рұқсат беру кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен ол екі айға қамауға алынды.

Пікірлер