Пара алған. ТЖМ комитет төрағасы мен департамент басшылары ұсталғаны хабарланды

1870
Adyrna.kz Telegram
Фото: emer.gov.kz
Фото: emer.gov.kz

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары ұсталды. Бұл туралы антикор мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деп күдіктенеді. Ал пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Одан бөлек, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған.

Күдіктілер ұсталып, УҰИ-на қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Аталған лауазымды адамдардың басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде, – делінген хабарламада.

 

Пікірлер