Шымкентте қала әкімінің орынбасары ұсталды

1475
Adyrna.kz Telegram
 Фото: shymkent.gov.kz
Фото: shymkent.gov.kz

20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Мақсұт Исахов 1974 жылы туған. Білімі жоғары. Мамандығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер.

Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған. Бірқатар облыста кеден саласында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, аталған қалада энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

2020 жылдың 7 ақпанынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Пікірлер