Алматыда үш баланың анасы өз-өзіне қол салғаны айтылды

3770
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazweek.kz
Фото: qazweek.kz

Алматыда үш баласы бар келіншек үйінде өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Немолчи.кз қорына әйелдің көршісі Жібек Аменова мәлімдеген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға Алматы қаласы Мамыр-4 шағын ауданында болған. Келіншек балаларының көзінше үйде асылып қалған. 

Туыстары мен көршілерінің айтуынша, әйел жиі күйеуінің соққысына жығылған. Оны мұндай қорқынышты әрекетке тұрмыстық зорлық-зомбылық итермелеген болуы мүмкін дейді олар. 

Келіншек – Қырғызстанның тумасы. Алматыда ешқандай танысы жоқ. Есімі – Айпері, – деді Дина Таңсәрі. 

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме беріп, тергеу шаралары жүріп жатқанын түсіндірді.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек ҚК-нің 105-бабы “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ал Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылғы Б. деген азаматтың не себепті өзіне қол салғанын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шараларын жүргізуде.

Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды”, – деді полиция департаменті.

Пікірлер