Қазақстанда активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылмақшы

1326
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жайлы Қазақстан Президенті жарлығының жобасында айтылады. Онда:

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында активтерді қайтару комитеті (бұдан әрі – Комитет) республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеде Қазақстанда "заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.

Құжаттарға сәйкес, Бас прокуратураның жанынан құрылатын жаңа комитетте 115-ке жуық қызметкер еңбек етпек.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай - ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен өздері қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді Заңға және осы Жарлыққа сәйкес қайта қарау және келтіру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген жобада.

Құжат үлгісі 21 шілдеде жарияланды, енді қоғамдық талқылау 4 тамызға дейін жалғасады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер