Журналист Амангелді Батырбеков бостандыққа шықты

2099
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook
Фото: Facebook

Журналист Амангелді Батырбеков бостандыққа шықты. Бұл туралы журналистің өзі Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Достар, мен шықтым бостандыққа қайтадан!  Парақшамды қарап шок болдым, не деген қолдау?! Мені қолдаған баршаңызға алғысым шексіз, - деп жазды журналист.

Айта кетейік, 4 шілде күні Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен «Сарыағаш-ақпарат» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбеков 20 тәулікке қамауға алынған болатын.

Журналист Батырбеков өз басылымында 2019 жылы Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлының «Алаяқтық» бабы бойынша күдікті болғанын мәлімдеген. Мәжілісмен Батырбековтің сөзін оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, жала жабу деп бағалап, сотқа жүгінген.

Пікірлер