Назар салыңыз! Алматыда екі жасөспірім жоғалып кетті

2285
Adyrna.kz Telegram

Алматыда екі жасөспірім қыз іздестірілуде, деп хабарлайды “Адырна”. 

Алматыда 2 жасөспірім қыз балалар жоғалып кеткен. Олардың есімдері Меруерт пен Мәдина, екеуі де 14 және 15 жаста.

Қыздар 10 шілде күні жоғалып кеткен. Жоғалғаны туралы хабарлаған куәгер сол күні жасөспірімдердің Ақсай-5 ықшамауданындағы үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтады.

Полицейлер қыздарды іздеумен айналысып жатқанын айтты. Қазір олардың достары мен араласқан ортасынан мәліметтер алынуда.

«Кәмелетке толмағандардың жүрген жерін анықтау үшін арнайы топ құрылды, оның құрамына криминалдық, ювеналдық полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар кірді», - деп мәлімет берді Алматы полициясы.

Пікірлер