«Qazaqstan» телеарнасының жаңа директоры тағайындалды

1705
Adyrna.kz Telegram

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне Саламат Омаш тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна". 

Саламат Омаш бұған дейін «Бас тақырып», «Жаңа Қазақстан» бағдарламаларының жүргізушісі болды.

1988 жылғы 10 Наурызда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы филология факультетін тәмамдады.

Еңбек жолын «31 арнадан» бастаған. Бүгінге дейін «Астана», «Ел арна», «Qazaqstan» телеарналарында жұмыс істеді.

2014 - 2017 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД тілшілер қызметінің жетекші тілшісі;

12017 - 2018 жылдары -  «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;

2018 - 2019 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Басты тақырып» бағдарламасының редактор-жүргізуші;

2019 - 2021 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД ақпараттық жобалар бөлімі, қорытынды шығарылым жүргізушісі;

2021 - 2022 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД, ақпараттық жобалар бөлімінің редактор-жүргізушісі;

2022 - 2023 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД ақпараттық жобалар бөлімінің шеф редакторы;

10.02.2023 - о.у.д. «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД директордың орынбасары.

«Нұр-Сұңқар» жүлдесінің, «»Халық алғысы», «Ақпарат саласының үздігі» медальдарының иегері.

"Адыран" ұлттық порталы

Пікірлер