Хорватиялық миллиардер «Қазақстан халқына» қорына қомақты сома аударғаны айтылды

2042
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының тумасы, Forbes тізіміндегі Хорват азаматтығы бар кәсіпкер Василий Анисимов «Қазақстан халқына» қорына 22 миллиард теңгеден астам қаржы аударды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Ақпаратты қордың баспасөз қызметі растады.

«Қазақстан халқына» түскен түсімдер туралы есепте 2023 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы аралығында қорға 23 миллиард 404 миллион 145 мың теңге түскені көрсетілген.

Соманың көп бөлігі сәуір айында келді. Меценат Василий Анисимов екі траншы бар: біріншісі, 3 сәуірде – 451 мың 710 теңге, екіншісі, 6 сәуірде – 22 миллиард 339,5 миллион теңге.

Василий Анисимов 1951 жылы Алматыда дүниеге келген. Швейцариядағы Coalco әзірлеу компаниясының иесі және Ресейдегі ең ірі тау-кен металлургиялық холдингтерінің бірі Металлинвесттің бұрынғы тең иесі. 1,6 миллиард долларлық жеке байлығымен (Forbes мәліметтері бойынша) 2022 жылы ол Ресейдегі 200 ең бай бизнесмендер тізімінде 54-ші орынды иеленді.

2022 жылдың желтоқсанында Анисимов Хорватия азаматтығын алғаны белгілі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер