Екібастұздағы жанармай құю бекетіндегі өрт. 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

2002
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда жанармай құю бекетінде болған өрт салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жас жігіттің денесі жанармай құю станциясының цистернасының жанынан табылды. 2006 жылы туған марқұмның жеке басы анықталды.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында төрт газ цистернасынан басқа 40-қа жуық газ баллоны болған.

"Өрт шамамен 200 шаршы метр аумақты құрайтын жақын маңдағы азық-түлік дүкенінің шатырына жайылды. Сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді. Сағат 15:22-де су қоймасының маңынан жас жігіттің денесі табылды. Жеке тұлға анықталып жатыр. Өрт сағат 15:00-де анықталды. Оқиғаның себебі нақтылануда, өртті сөндіру жалғасуда», - деп түсіндірді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар жеке сектор жанармай құю бекетіне қарсы көшеде жүз метрден астам қашықтықта орналасқанын түсіндірді. Тұрғындарды эвакуациялау болған жоқ.

Еске салайық,  26 шілдеде Екібастұздағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, өрт басталғаны хабарланған болатын Учаскеде 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеуде.

Бұған дейін оқиғаның куәгерлері бірнеше жарылыс болғанын хабарлаған.

Пікірлер