Балқашта 1 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

1533
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Балқаш қаласындағы 6-шағын ауданда ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

“Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салады:

Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;

Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;

Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар;

Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыздар;

Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер”, – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Пікірлер