"Барби" мен "Оппенгеймер". Голливуд Қазақстанды Ресейге фильм сатты деп айыптауда

1919
Adyrna.kz Telegram
Фото: kanobu.ru
Фото: kanobu.ru

Голливуд Ресейге үлкен экрандарға арналған фильмдердің пираттық көшірмелерін сатқандарды анықтады. Аты аталған елдердің қатарында Қазақстан да бар. Бұл туралы "Ведомости" басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, айыптау 21 шілде күні әлемдік прокатқа шыққан екі сенсациялық фильм – "Барби" және "Оппенгеймер" фильмдеріне қатысты.

"Голливуд оларды су таңбалары бойынша анықтады (су таңбасы – мөлдір жазу, шағын графика және авторлық құқықты қорғайтын логотип). Су таңбасын дистрибьютор фильмдердің көшірмелерін кинотеатрларға беру кезінде қояды", - деді екі ірі кинотеатрдың және кинопрокат компаниясының топ-менеджерлері. 

Еске салсақ, 21 шілде күні әлемдік прокатқа шыққан голливудтық "Барби" мен "Оппенгеймер" атты туындылар Ресей кинотеатрларында көрсетілмейді. Ең ірі шетелдік кинокомпаниялар – Walt Disney Company, Sony Pictures, Warner Bros, Paramount және Universal Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан кейін Ресейдегі қызметін тоқтатқан еді. 

Пікірлер