Тұлпардың соңғы тұяғы. Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

6296
Adyrna.kz Telegram
фото:anatili.kazgazeta.kz
фото:anatili.kazgazeta.kz

Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды. Қайғылы хабар туралы журналист Бану Дәулетбаева жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы", - деп жазды ол.

Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.

"Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады", - деп хабарлады Жазушылар Одағының өкілі.

Жерлеу рәсімі Алматыдағы "Кеңсай-2" зиратында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.

Пікірлер