Шымкентте «Ордабасы» мен «Легия» жанкүйерлері төбелесіп қалды

2029
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Кеше, 27 шілде Шымкентте Конференция лигасының екінші іріктеу турнирінде «Ордабасы» мен Польшаның «Легия» клубтарының жанкүйерлері арасында қақтығыс болды. Желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнежазбада жанкүйерлердің бір-біріне қол ала жүгіргенін көруге болады. Ақ жейде киген поляк фанаттарының жергілікті жанкүйердің бірінің басынан ұрғаны, оған Шымкенттің тұрғынының жауап бергені түсірілген.

Пікірлер