Құрманбек Жұмағали Ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы болып тағайындалды

1542
Adyrna.kz Telegram
Фото: "Верный Капитал" компаниялар тобы
Фото: "Верный Капитал" компаниялар тобы

Құрманбек Жұмағали "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Есетжан Қосубаев атқарған қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Құрманбек Жұмағалидің масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар. Еңбек жолын "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған, "Хабар" агенттігінің жетекші редакторы, тілшісі. 2013-2018 жылдары Құрманбек Жұмағали Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы және Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған. 2018-2019 жылдары "Қазақ радиолары" ЖШС басқарды,""Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. Осы уақытқа дейін "31" медиахолдингінің бас директоры болып еңбек еткен.

Ұлттық киноны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталық 2019 жылы кинематографияны дамытуға мемлекеттік қаражатты бөлу және басқа елдердің үлгісі бойынша жеке кинокомпанияларды қолдау үшін құрылған.

Сондай-ақ, ол киноорталықта 2019-2022 жылдар аралығында "Дос-Мұқасан" лентасын қоса алғанда, 14 фильм прокатқа шығарылып, олар жалпы прокаттан 503,2 млн теңге жинады. "Паралимпиадашы", "Схема", "Ағайындылар" және "Мерген" сияқты картиналар халықаралық кинофестивальдердің жүлделеріне ие болды.

Өткен жылы Ұлттық фильмдер шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілі белгіленді: 70% тарихи, патриоттық және имидждік; 30% — жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік жобаларды бірлесіп қаржыландыру. Сонымен қатар, мемлекеттік қаржылық қолдау алу үшін кинематографиялық қызмет субъектілері мен талаптарының ауқымы кеңейтілді.

Одан бөлек,  шет тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне дубляждау МКҚО арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылы "Аватар" фильмінің бірінші бөлімі (2009 жылғы ре-релиз), "Қара Қабылан. Ваканда жасасын. Су жолы" және "Аватар" фильмдері қазақ тіліне аударылған кинотаспалар арасында кассалық жиын бойынша рекорд орнатты.

Пікірлер