Днепрде көп қабатты тұрғын үйді атқылап, ақыры бейбіт тұрғындар зардап шекті

1403
Adyrna.kz Telegram

Днепрде көп қабатты тұрғын үй атқыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бейбіт тұрғындардың берекесін алған шабуыл жайлы Украинаның әскери өкілі Александр Бакумов хабарлады. Ол бұл шабуыл үшін Ресей әскерлерін айыптады.

Украина жұршылығы соққының салдарын бейнелейтін видеомен бөлісті.

Ресми билік бұған қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Президент Владимир Зеленский Днепрде көпқабатты үй мен SBU ғимараты атылды деп мәлімдеді

"Біз Ресейді өз халқымызға қарсы агрессия мен террор үшін толық жазаға тарту үшін бәрін жасаймыз. Бұл оңбаған осының бәрі үшін жауап береді. Біз әділдік үшін бәрін жасаймыз", - деп хабарлайды Украина президенті.

Днепрге соққы салдарынан зардап шеккендердің саны бес адамға дейін өсті, деп хабарлады Украина ІІМ басшысы Игорь Клименко. Олардың арасында 18 бен 53 жас аралығындағы төрт ер адам және 77 жастағы әйел бар.

Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгені айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер