Астанадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтен кетті

2625
Adyrna.kz Telegram

Астана қалысы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов қызметінен кетті. Бұл туралы дәрігердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Астана қаласының бас дәрігері қызметін атқанған азамат былай деп жазды:

«Бүгін менің Елорданың денсаулық сақтау саласындағы соңғы жұмыс күнім. Осы уақыт ішінде 3 жыл бойы сіздермен бірге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарттық, басым бағыттарды жетілдірдік, жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасадық, күн сайын қанша өмірді сақтап қалдық, азаматтардың денсаулығы үшін күрестік. Бәріміз бірге жаңа онжылдықтың қорқынышты пандемиясы – коронавирус инфекциясына қарсы тұрдық», - деп жазды Тимур Мұратов Facebook желісінде.

Еске салайық, Тимур Муратов аталмыш қызметке 2020 жылы тағайындалған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер