Аптап ыстықта абай болыңыз!

2344
Adyrna.kz Telegram

2023 жылдың шілдесі “ең ыстық ай” болған, деп хабарлайды “Адырна”.

2023 жылдың жаз мезгілі ең ыстық маусым болды. Мұны Германияның Лейпциг ғалымдары анықтаған. Аталмыш университетінің климатологы Карстен Хаустайнның талдауы көрсеткендей, осы айдағы орташа жаһандық температура өнеркәсіпке дейінгі деңгейден 1,5 ° C-қа асып кеткен екен.

Осы айда: Қытайда 52,9 ° C, Сардинияда 48,2 ° C, Алжирде түннің өзінде 39,6 ° C, Флоридада теңіз температурасы 37,2 ° C дейін көтерілгені анықталды.

Ал адамзат тарихында 3 шілде - ең ыстық күн болған. Дүйсенбіге түскен 3 шілде 19 ғасырдың аяғынан бері алғаш рет жаһандық ауаның орташа температурасы Цельсий бойынша 17 градустан асты.

Мамандар аптап ыстықта абай болуды ескертеді.

Пікірлер