Қорғаныс министрлігі: Қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған

2059
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканың тасымалдануы туралы ақпаратты тағы да жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды “Адырна” Қазақпаратқа сілтеп. 

Бірнеше уақыт бұрын әлеуметтік желіде көршілес Ресейге техниканың тасымалдануы жайлы ақпарат желдей есті. Алайда министрлік:

«Бұл әскери техниканың Қазақстан Республикасына еш қатысы жоқ, ол үшінші елдің меншігі болып табылады және халықаралық келісімдер аясында Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеуге жіберілген», - деп хабарлады ведомство.

Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын және ол әлі де күшінде екенін атап, еске салды.

Пікірлер