ЕСДӘУЛЕТ ҚЫЗЫРБЕКҰЛЫ: Мынандай ойдағы адамдар барда қазақ журналистикасы жақын аралықта дамымайды.

1559
Adyrna.kz Telegram

«Ел газеті Егеменнің» журналисі Абай Отар «екі-үш рет тапсырысқа пост жазғанмын, ол менің көзқарасыма қайшы келген жоқ» дейді.

Президент оқитын газетте 15-20 мыңға жалданатын адам қалай жұмыс істеп жүр? Мынау мемлекеттің ақпараттық саясатына сын ғой. Ол тағы өзіне кімдердің тапсырыс бергенін білмейді.))

Бір мақаласына президент фишка қойыпты бұған қоса.

Казконтенттің басшысы, Хабар арнасының журналисі Махат Садык мемлекет пен билік деген ұғымды шатастырып алған сияқты. Өзін мемлекетшіл етіп көрсеткісі келеді. Биліктің «пропаганда бейнелеріне 65 пәтер бергені дұрыс, ол журналистиканы дамытады» дейді.

Сосын, ақша, қаламақы туралы көп айтады екен. Мына кісілер журналист емес, саудагер ғой.)))

Мынандай ойдағы адамдар барда қазақ журналистикасы жақын аралықта дамымайды. Жалпы, бұл адамдармен журналистика туралы талқылаудың өзі біртүрлі сияқты.)))


Есдәулет Қызырбекұлы

 

 

Пікірлер