Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбай бостандыққа шықты

2619
Adyrna.kz Telegram

Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбай бостандыққа шықты. Бұл туралы адвокаты Жанар Балғабаева Фейсбук парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ермек Нарымбайды қарсы алу үшін Заречный кентіне баруға жиналып жатқандардың бәрін құлағдар етейін, ол қазір Алматыда. Егжей-тегжей ақпаратты кейінірек хабарлаймын, – деп жазды Жанар Балғабаева.

Еске салайық, бұған дейін 13 шілдеде ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған Ермек Нарымбаевтың жазасы жеңілдетілгенін хабарлаған едік.

Нарымбаев сот үкімі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша бас бостандығынан айыру жазасын қолданумен айыпталған болатын.

 

Пікірлер