Тағы бес балқаштық жас корпоративтік қор гранты бойынша медициналық университетке түседі

842
Adyrna.kz Telegram
gov.kz
gov.kz

Балқашта дәрігер тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін әлеуметтік жоба жалғасуда. Бес балқаштық Қарағанды медицина университетінде оқуға грант алады. Оқытуды «Коунрад» корпоративтік қоры қаржыландырады.

«Бұл жоба өткен жылы енгізілді. Бес балқаштық қазірдің өзінде «Коунрад» қорының есебінен Медицина университетінде білім алуда. Биыл тағы бес адам – Балқаш қаласындағы мектеп немесе медициналық колледж түлектері конкурс арқылы іріктеледі. Міндетті шарт – оқудан өткеннен кейін туған қаласына жұмысқа оралу», – деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аймақтық бөлімінен.

Оқуғысы келетіндер бар. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 1 тамыз бен 15 тамыз аралығында Балқаш қаласы, Аурухана қалашығы мекенжайы бойынша орналасқан денсаулық сақтау бөлімшесінде қабылданады. Анықтама телефоны: (8-71036) 7-99-44.

Үміткерлерді арнайы комиссия қарайды. Қордың ресми сайтында білім грантын тағайындау ережелерімен (https://kounrad.kz/download/2023.pdf) толық танысуға болады. Оқыту «Жалпы медицина» бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Оқуды бітіргеннен кейін жас маман Балқаш қаласының емдеу мекемесінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі керек.

Пікірлер