Белгілі геолог пен оның 2 баласы жол апатынан көз жұмды

2029
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның геология саласының көрнекті өкілі Асқар Шаменов пен оның екі баласы жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Геология комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

30 шілдеде Асқар Шаменов отбасымен жол апатына түсті. Асқар Амангелдіұлы, үлкен ұлы Әлішер мен қызы Алима алған жарақаттарынан қайтыс болды. Әйелі мен кіші ұлы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, министрлік Аскар Шаменов көргені көп, тәжірибелі маман болғанын хабарлады. Одан бөлек, «Жер қойнауын барлау үздігі», «Құрметті жер қойнауын барлаушы», III дәрежелі «Еңбек даңкы», III дәрежелі  «Кенші даңқы», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» секілді мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Ол Қазақстанның тау-кен саласында 20 жылдан астам еңбек еткен.

Пікірлер