Кешегі күннің батыры. Түркия азаматы Алматыдағы тұрғын үй өртінен әйел мен үш баланы құтқарып қалды

2191
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы тұрғын үй өртінен әйел мен үш баласын түрік азаматы құтқарып қалды, деп жазады "Адырна". 

Желіде "кешегі күннің батыры" деп тараған видеодағы азамат, түркиялық Шүкүр Гүнай екені белгілі болды. Ол құрылыс алаңында электр маманы болып жұмыс істейді.

"Ақкент" тұрғын үй кешенінде болған өрттен ол үш баласы бар әйелді аман алып қалды, оның біреуі 2 айлық сәби екені анықталды.

"Баспалдақпен шықтық. Өзімнің бір қызым бар. Ол Түркияда. Қорқу туралы ойлайтын уақыт болмады. Кім болмасын солай көмектесетін еді" дейді Шүкүр видеода.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 1 тамыз күні Алматы қаласы, "Ақкент" тұрғын үйінде жедел саты өртеніп, салдарынан бірнеше пәтердегі тұрғындар эвакуацияланған болатын. Барлығы 60 адам құтқаралып, бір адамның қайтыс болғаны айтылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер