Алматыда өрт кезінде қаза тапқан әйелдің отбасына пәтер беріледі

1772
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда өрт кезінде қаза тапқан әйелдің отбасына пәтер беріледі. Бұл жөнінде Ayt housing Complex" ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Ақкент» ТК салған құрылыс компаниясы әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беруге уәде берді. Компания атынан Әсел Бекмұхамбетованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, құрылыс компаниясы өрт шыққан үйге барлық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, көпқабатты үй 2017 жылдың тамызында пайдалануға берілді, бірақ тұрғындар тек 2020 жылдың қаңтарында қоныстанды. Осы уақытқа дейін үй бос болды.

Лифттерге соңғы техникалық қызмет көрсету бір апта бұрын - 27 шілдеде жүргізілген.

Пікірлер