ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Путин Ресейді әбден әлсіретіп, тіпті таратып барып тарих сахнасынан кетсе, оны "тарихи тұлға" деуге болады.

2093
Adyrna.kz Telegram
Мәскеу қалалық соты Владимирдегі түрмеге жүрмелі сот ұйымдастырып, Алексей Навальныйды 19 жылға соттапты. Яғни, ол Путин өлмей түрмеден шықпайды деген сөз.
Біз үшін Навальный да, басқасы да бәрібір. Оппозиционер дегенмен де Навальный да шовинистің дәл өзі, оның Путиннен айырмасы жоқ деуге болады.
Жалпы ресейлік оппозиционерлердің ішінде іліп алар біреуі жоқ, бәрі де импершіл, орысшыл. Егер өздерімен-өздері орысшыл болса бола берсін дейсің ғой, бірақ бұлар бұрынғыша көршілерін кемсіте отырып өздері төбе би болғылары келеді. Оған төзуге болмайды.
Не де болса Путин ақырына дейін отырып, Ресейді әбден әлсіретіп, немесе тіпті таратып барып тарих сахнасынан кетсе оны "тарихи тұлға" деп қарауға болады.

 

Пікірлер