Ішінде 106 адам болған. Бурабайдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты

1351
Adyrna.kz Telegram

Бурабайдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама бүгін сағат 11:59-да түскен. Өрт үш қабатты «Алматы» қонақ үйінің сервер бөлмесінен шығыпты.

Өрт сөндірушілер үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Өрт сағат 13:00-де толығымен өшірілді. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпыды.

Пікірлер