Ананың өтініші. Тоқаев Екібастұз қаласына шығармашылық үйін салуды тапсырды

1724
Adyrna.kz Telegram
Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласына шығармашылық үйін салуды тапсырды. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” тілшісі.

Кеше Президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады.

Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды, - деп жазды Руслан желдібай әлеуметтік желідегі парақшасына.

 

Пікірлер