Депутат Назарбаев даңғылына ескі атауын қайтаруды ұсынды (ВИДЕО)

2447
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласы мәслихатының сессиясында депутат Мақсат Айсауытов Назарбаев даңғылына Достық атауын қайтару туралы бастама көтерді. Бұл туралы umarovnews жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, даңғыл атауы өзгертілген кезде қала тұрғындарының бір бөлігі өз наразылығын білдірген.

«Депутаттық сауал жолдадым, бірақ әлі жауап алған жоқпын»,—деді ол.

Қала әкімі Миржан Сатқанов
бұл мәселені облыстық мәслихат депутаттары шешуі тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, Назарбаев даңғылының атауы бұған дейін бірнеше рет ауысқан болатын: Үлкен Михайловская көшесі, Советская көшесі, Сталин көшесі, Ленин көшесі, Ленин даңғылы, Достық-Дружба даңғылы. Соңғы рет ол 2019 жылы Назарбаев даңғылы болып өзгертілді.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by umarovnews (@umarovnews.kz)

<

Пікірлер