АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ: Оқу жылын 3 тоқсанға қысқартып, оқу күнін 4 күнге түсіре салыңдар. Не істейсіңдер, бастысы - жұртқа ұнайтын шешім!

2716
Adyrna.kz Telegram
Оқу жылын 3 тоқсанға, оқу күнін аптасына 4 күнге қысқарту керек!
Иә, біздің жұртқа осындай шешім ұнайды. Осындай шешімдер болса шапалақтап қол соғады. Бірақ...
Баяғыда мектеп 6 күндік оқудан 5 күндік оқуға көшті. Бір жылда 34 оқу күні қысқарды. Бірақ, балалардың білім алуға тиісті 34 күні қайда кетті деп ешкім шулаған жоқ. Балалар жылына 181-182 күн сабағын 147-148 күн оқитын күн болды. Бірақ, балаға түсетін салмақты қалай шешуді ешкім де ойлаған жоқ.
Министрлік 3-4 жылдан кейін қателік кеткенін түсінді, образды түрде айтқанда 182 күннің тамағын 148 күнде жесе денсаулыққа зиян екенін сезінді. Сезінді де, 10 күн болса да салмақ азайтайық деп екі аптаға оқу жылын ұзартты. Ал, шула, шулай түс болды. Заңгер балалардың каникулын ұрлады сотқа берем деді. Бірақ, оған әлем балалары қалай оқитыны, кәсіби эксперттер пікірі бес тиын еді. Үш ауысымды мектепте, апаттық мектепте оқитын балалар туралы сотқа берем деген заңгер болмап еді...
- Әлемде ең ұзақ оқитын ел 43 апта 215 күн оқиды. Әлемде орташа оқу көрсеткіші 182 күн. Яғни 365 күннің жартысы оқиды.
Біз 147 күн, иә, 365 күннің ішінде небәрі 147 күн оқимыз.
- әлемдік қауымдастықта білімі сапалы елдің бәрі 12 жыл оқиды, біз 11 жыл оқимыз.
- әлемде білімі дұрыс елдің бәрінің баласы бір аусымды мектепте күні бойы оқиды. Біз 2-3 ауысымды мектепке жарты күнге жетер жетпес оқимыз.
Ал, енді сапа туралы, біздің балалардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігі туралы қалай айтамыз?
Дүние жүзі банкінің еліміздегі адами капиталдың сапасы туралы зерттеулер адам шошытады. Оны Рауан Кенжехан мырза айтып жүр әр жерде көрсетіп.
Есітуге қарағанда жаңа министрлік оқу аптасын 36 дан қайтадан 34 ке түсіру туралы шешім қабылдапты. Әдемі популистік шешім. Көпке жағады, ал, кәсіби зерттеулер дым қызық емес. Жаңа министрліктің сыйқы осы, дұрыс шешімдерді популистік мүддеге пайдаланып өзгерте салады.
Онда көпке ұнайды шешім айтайын оқу жылын 3 тоқсанға қысқартып, оқу күнін 4 күнге түсіре салыңдар. Не істейсіңдер бастысы жұртқа ұнайтын шешім!
Кейде көпке ұнамайтын, бірақ, дұрыс шешімдер қабылдауға тура келетін кездер болады. Себебі, ғылым көптің ыңғайына емес, зерттеуге сүйену керек. Әйтпесе әлі жер шарын күн айналады деп жүретін едік қой. Жердің айналатынын Галилейден басқа да көп адам білген. Бірақ олардың бала-шағасы бар еді, - дейтін бе еді ақын Евгений Евтушенко.
Абайдың көп туралы сөзін айтсам, мен айтқандай біразыңыз ренжисіздер, ә?
Қазақстан PIZA да артта, Қазақстан ана білім сапасы туралы рейтинкте артта, білім жоқ дейміз!
Жоғарыдағы мен көрсеткен цифрды қараңызшы. Әрине өзгелердің 3, күн жейтін тамағын 2 күнде жесеңіз сізде денсаулық болмайды. Білім де сол!
Білім ғылымы озған елдер туралы айтсаң, әуелі дамып алайық сосын оқимыз дейтінін қайтейік. Еу, айналайын, бәрі даму үшін қадамдар ғой. Ғылым білім дамымай, одан қашып ел болмаймыз!
Болмайтын 25 мамыр мен шіркеудің қоңырауынан келген қоңырау дауысынан символдық мән іздеген жұртқа не деуге болады...
Жә, қазаққа білім, білім сапасы керек пе өзі? Жүре берсін да тойлап(((
P.S. дәл қазір мені де 34 аптаны қолдайтын жұрт талап жейсіздер ғой, жей беріңіздер!
Жүйеге, дәлелге жығылмайтын адамдарды жеңу мүмкін емес екенін жақсы білемін.
Көптің сөзі шынға айналса!
Айтылмай,
Талай ойлар іште өледі ыңырсып...

 

 

 

Пікірлер