Қытай Шыңжаңнан бас тарта ма?

2609
Adyrna.kz Telegram

Еуропа жұрты қытайға "лагерлерді жабу" туралы ескерту айтуын сіздер қалай бағалайсыздар екен білмедім, бірақ өз басым бұны басқа тұрғыдан бағалаймын. Әуел баста "лагерлерді жабу, ақталмаған экономикалық шығындарды басқа салаға жұмсау" туралы оппозициялық пікір қытайдың өзінен туып отыр. Бұған қытай экономикасының тұралауы себеп болса, екіншісі лагерге жұмсалған қаржының ақталмауы жанама білте болды. Қытайдың екі жылдан астам уақыттан бері лагерге жұмсаған қаржысы, тіпті керек десеңіз соңғы бес жылдан бергі "лагер қаржысы" далаға кетіп жоқ болған. Керісінше, шекара аймақтардағы xалықтардың (тибет, ұйғыр, қазақ тб) "компартияға сенімсіздік таныту" дейтін моралдық һәм идеялогиялық дертін асқындырып алған. Өлкелік бюджеттің негізгі бөлегі "қайта тәрбиелеу лагерлеріне" жұмсалғандықтан аймақтағы қаржы айналымы тұрақсыз xалге жетіп, соның кесірінен Шыңжаң өлкесінен миллиондаған қытай ішкі қытайға қайта аууып кеткен. Өлкенің әр саласына қаржы қосқан қытайдың қаржыгерлері миллиондаған шығынға батып "шыңжаңға қаржы қосуын" біржолата тоқтатқан. Бұл үдеріс "шекара аймақтарды жаппай ашу" дейтін мемлекеттік ірі бағдарламаның тұралап қалуына да әкеп соғып отыр.

Айта берсек қытайда осындай экономикалық, әлеуметтік һам моралдық шығындар өте көп. Бұл шығын "xалық құрылтайы" дейтін мемлекеттік және өлкелік жиналыстарда ашық айтылмағанымен ресми биліктің ішкі құрылтай жиындарында талқыға түскен. Сондай-ақ, қытай зиялылары тарапынан оппозициялы пікір де қалыптасқан. Билеуші тұлға мен билеуші партияға "ақсақалдар кеңесі" сын-пікір айта бастаған. Жалпы, Шыңжаңдағы "қайта тәрбиелеу лагері" ғана емес қытайдың соңғы экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелері туралы сын-пікір көп айтылған. Сол мәселе төңірегінде "шыңжаң факторын" да тілге тиек етіліп "экономикалық шығынды өзгерту, қайта реформа жасау, саяси басшылықтың тәртібін тексеру, қорғаныс саласын өзгерту, сыртқы күштердің реакцсиясын тежеу, шығыны көп әскери посттарды алып тастау, өңірдегі тұрақтылықты сақтау, т.б бірқанша істер талқыланған, қарар алынған. Яғни, Еуропа "ескерту айтсын, айтпасын, қытай онсыз да соған беттеп бара жатқан" еді.

Еуропа жұрты қытайды қалт жібермей зерттеп отырғандықтан қытайдың осы жолға беттеп бара жатқанын күні бұртын біліп отыр. Сондай-ақ қытайдағы өзгерістерге дәлме-дәл жағаласа кеп "ескерту" жасауы оның xалықаралық саяси аренадағы беделіне жүз жылда бір келетін орай деген сөз. Бұнысы біз сияқты сәби xалықтардың саяси санасына "Еуропа қытайға ескерту беріп, жапқызды!"- дегізбек. Біз де қытайдың шынында не болып жатқанынан шатағымыз жоқ, Еуропаға "дұға ғып" отыра береміз!

Екі жылдан бері "шыңжаң мәселесі" туралы сан-қилы ақпараттарға куә болдық. Бірақ, дәл сол сәтте қытайдың да оңай экономикалық бодау мен моралдық һам руxани шығын бермегенін аса біле бермейміз. Сізге мынадай қызық дерек айтайын, мысалы, екі жылдан бері (2017-2019) Шыңжаң өлкесін тәрк қып шетелге қашқан қазақ пен ұйғырдың ұзын саны ұзаса неше мың ғана. Ал, Шыңжаң өлкесін тәрк қып ішкі қытайға қашқан қытайдың ұзын саны миллионнан асады. Қытай қаржыгерлерінің экономикалық шығыны неше жүз миллионнан асқан, сол себепті олар "Шыңжаң өлкесіне қаржы қосудан" түбегейлі суынып отыр. Басқа да әлеуметтік, этникалық және моралдық шығындар қаншама. Қытай орталық үкіметі "ақталмаған қаржының" орнын толтыру былай тұрсын 50-60 жылдан бері қасықтап жинаған сезікті мәселелердің бодауын алдағы он, онбес жылда қайта қалпына келтіре ала ма, белгісіз!

Дәл осындай тұста Орталық Азия елдеріне жақсы мүмкіндік туып тұр. Тұтас Орталық Азияның потенциялы арқылы көп мәселені ортақ шешуге мүмкіндік аламыз. Президенттің Ресейден кейінгі Өзбекстан сапарын сондай жәйтке бағалаймын. Басқасын алдағы уақытта көреміз.

Елдес Орда

Пікірлер