Алматыда КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевқа орнатылатын мүсіннің ең үздік жобасына ашық байқау жарияланды

1082
Adyrna.kz Telegram
bn-in.facebook.com
bn-in.facebook.com

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев — әйгілі опералық әнші(баритон), педагог, КСРО халық әртісі , ҚазКСР халық әртісі, профессор, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері. 1947 жылы Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына жұмысқа орналасады. «Евгений Онегин» операсында – Евгений, «Травиатадағы» – Жермон рөлдерін жоғары дәрежеде шырқайды. 1973 жылы консерваторияда жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы, 1982 жылдан бері консерватория профессоры болды. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары бар. Румыния, Пәкістан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия т.б. шет елдерінде өнер көрсеткен.

Байқаудың ең басты мақсаты - өрнекті қазақстандық сәулетші, КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевтың мүсінінің монументалды-көркемдік тұрғысынан  ең жақсысын  анықтау мақсатында – Қазақстан Республикасында өнер құрылыстарын орнату жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынып, шешім шығару.

Байқау бағдарламасы бойынша, көрнекті сәулетшіге арналған мүсіннің көркемдік бейнесі оның шеберлігінің ұлылығын, ғажайып күш-қуатын, дарынды тұлғаның жан-жақтылығы мен парасаттылығын, оның ерекше адами қасиеттерін көрсету міндеттелген. Объектіні жобалау кезінде мүсіннің көркемдік бейнесіне қайшы келмейтін мықты, эстетикалық материалдар қолданылуы керек. Мүсін Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 83 мекен-жайында орнатылады. Мүсіннің қолданыстағы сәулет және қала құрылысына үйлесімді түрде сәйкес келуі де маңызды.

Байқауға барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ авторлық ұжымдар қатыса алады. Байқауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 21 шілдеден бастап 2023 жылғы 21 тамыз аралығында. 2023 жылдың 21 тамызынан кешіктірмей жіберілген жұмыстар 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 А, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, №305 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Басқа қалалардың авторлары пошта түбіртегінің нөмірін алдын ала хабарлай отырып, жобаларды белгіленген мерзімнен кешіктірмей Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мекенжайына жібереді. Байқауға жобалар алты таңбалы санмен көрсетілген ұрандармен ұсынылады. Ұран конкурсқа ұсынылған жобаның барлық материалдарының жоғарғы оң жақ бұрышында, сондай-ақ ұрандық конвертте (биіктігі 1 см) жазылады. Ұранмен жабылған конвертте жоба авторының тегі, аты және мекен-жайы көрсетілген ақпараттық парақ болуы керек.

2 беттен аспайтын қысқаша түсіндірме жазба 2 данада ұсынылады. «Тімеѕ New Roman» арпі, өлшемі №14, бір жоларалық интервалмен. Жазбада мүсіннің негізгі идеясы, көркемдік шешімі және кеңістікті ұйымдастыру принциптері көрсетілуі керек.

Байқау қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы қабылдайды.

Байқау шарттарын бұза отырып ұсынылған жобалар конкурсқа жіберілмейді және Комиссияда қаралмайды.

Байқаудың жобалық ұсыныстары мен ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптардың құрамы:

  1. Масштабы 1:10 жоба эскизі (мүсін композициясы);
  2. Масштабы 1:200 бас жобасы (сызба жобасы);
  3. Мүсіннің (мүсіндік композицияның) 2 қасбеті және 1:20 масштабты 1 перспектива;
  4. Түсіндірме жазба.

Жобалар өлшемі 60х80 см планшетпен ұсынылады. Графикалық орындау әдісі – макеттің түсі, техникасы және материалы – автордың қалауы бойынша.

 

деректер: masssaget.kz

 

Пікірлер