"Бірде-бір қате жоқ": Тоқаев қазақ тілінен емтиханды қалай тапсырды?

2451
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президентіне үміткер және қазірге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясының лингвистикалық комиссиясына қазақ тілінен емтихан тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін лингвистикалық комиссия өз жұмысын бастап, бірінші болып президенттікке басты үміткер, қазіргі уақыттағы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан емтихан алдық", - деді Қазақстанның президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Ол мемлекет басшысына "Абай Құнанбайұлының поэзиясы. Қара сөздері" тақырыбы түскенін айтты.

"Бірінші шығарма жазғанда Абайдың поэзиясы, қара сөздері, оның жалпы халыққа беретін маңызы туралы бүгінгі үміткеріміз терең толғады. Өте әдемі жұмыс.

Біз бұл жұмыстан бірде-бір қате көргеніміз жоқ. Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" әңгімелер мен хикаяттар жинағының үш бетін оқыды. Мәнерлеп, ырғағымен өте әдемі  оқып берді.

Ал "Қазіргі Қазақстанның геосаясаты" жайында кең толғады, терең сөйледі. Жалпы біздің лингвистикалық комиссияның берген қорытындысы: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық, жан-жақты меңгерген", - деді комиссия төрағасы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер