"Поэзия патшалығында" жобасының 7-шарасы өз мәресіне жетті

1385
Adyrna.kz Telegram

Қарасаз ауылындағы «Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінде» дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Поэзия патшалығында» атты циклді әдеби кездесу кештің жетінші шарасы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жолы әдеби кеш
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұхтархан Қалиұлының шығармашылығына арналды.

Кеш барысында ақынның «Жыр отынан жүрегім өртенеді...» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің атынан ақын Мұхтархан Қалиұлына алғыс хат табысталды.

Кешке елімізге танымал ақын-жазушылар мен өнер майталмандары қатысып, өлеңдері оқылып, ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалды.

"Поэзия патшалығында" атты әдеби кеш Алматы облыстық музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының қолдауымен ай сайын өтіп келеді.

Осы шара аясында өңір ақындарының сөзіне жазылған 5-6 жаңа ән дүниеге келгенін, 5-6 жаңа кітаптың тұсауы кесілгенін мақтанышпен айтуға болады.

Жыл соңында Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында "Поэзия патшалығында" жобасының қортынды әдеби-сазды кешін өткізу жоспарланған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер