Қонаевтың қайтыс болғанына бүгін - 30 жыл

2171
Adyrna.kz Telegram

Бүгін кеңестік қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қайтыс болған күні. Ол 1993 жылы 22 тамызы күні 82 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді. "Адырна" ұлттық порталы Қонаевқа қатысты деректер тізбегін ұсынады. 

Дінмұхамед Қонаев Қазақстан тарихында мемлекет әрі қоғам қайраткері, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы ретінде қалған.  Ол ССРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.

Отбасында 11 баланың төртіншісі, қару-жарақ коллекциялап, аңшылық пен саятшылықты ұнатқан. 1971 жылы «Ең үздік аңшы» атанған, сондай-ақ, Испанияның аңшылар ұйымына мүшелік еткен.

Бойы - 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген. Оның ауданы 200 кв. болатын шағын пәтерде 24 жыл өмір сүргені айтылады.

Қоғам қайраткерінің өмірлік жары — Зуxра Шәріпқызы. Ұлты татар болған, ал мамандығы — есепші.

Ол Ғылым академиясына басшылық еткен жылдары 30 рубль жалақысын №1 балалар үйіне қайырымдылыққа берген.

1986 жылдағы дүрбелеңде жалған жаладан жұбайы Зуxра Шәріпқызының ақылының арқасында аман қалған. Қайраткердің жары отасқаннан кейінгі (1939-86 жылдардағы) чектерді сақтаған екен.

Ол ҚазҰУ қалашығының, Қазақстан қонақүйі сынды Алматыдағы көрікті орындардың салынуын өзі қадалаған.

Шетел басшылары оған сыйлықтар жіберіп отырған. Олардың қатарында Елизаветта ІІ, И. Ганди, Э.Шеварднадзе бар.

Қонаев жайлы 1960 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр: "Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым, Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы", - деген.

Оның кезінде 700-ден аса қазақ мектебі жабылып қалған.

Ұйғыр жазушысы Әбдікерім Ғаниев өзінің  қазақ жерлерін Өзбекстанға берген хатшы ретінде тарихта қалған Исмаил Юсуповқа арналған «Исмаил Юсупов: «С чистотой помыслов» атты деректі повесінде бірқатар деректерді айтады. «Республикаға басшылық етуге мен келгенде «менің қаракөз достарым» Қазақстанның басына ұйғыр келді деді. Ал, Қонаев туралы ондай әңгіме айтылған жоқ. Оның ұлты татар еді ғой...  Қазақстан басшысын ұлттық кадрлар сапынан бекітеміз деген мәселе көтерілген уақытта Қонаев өз паспортын бір-ақ түнде жойып жіберіп, ұлты қазақ деп көрсетілген жаңасын алған болатын. Оның сол қулығын мен жақсы білетінмін. Бірақ, ол деректі ашық айтатын уақыт ол кезде әлі келмеген еді» деп жазады.

Ұлт қайраткері Жұмабек Тәшеновтың перзенті Саян Тәшенев Қонаевтың қазақ жерін (Мақтарал, сол кездегі Ильич және Шымкент облысының Киров аудандары) Өзбекстанға беруге қарсы болмағанын айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер