Алыпты туған ана. Маңғыстауда салмағы 7 келіге жуық алып бала дүниеге келді

1664
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысындағы перзентханада салмағы 6 келі 880 грамм болатын бала дүниеге келді. Қазір шақалақтың жағдайы бірқалыпты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz ресурсына сілтеме жасап.

Дүние есінін ашқан нәрестенің анасы Мұнайлы ауданының тұрғыны, ол төртінші перзентіне өмір сыйлап отыр.

Дәрігерлердің айтуынша, ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.

– Тексеру барысында босанатын әйелдің баласы өте ірі екенін түсіндік. Содан ақылдасып, оны кесарь тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені осындай салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс, - деп хабарлады облыстық перинаталды орталықтың баспсөз қызметі.

Бала мен ана бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.

Шыққан кезде нәрестенің салмағы 6 келі 280 грамм болған.

Орайы келгенде айта кетейік, төрт келіден асатын балалар - ірі, ал салмағы 5000 грамнан асатын сәбилер "алып бала" саналады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер