Германияда 47 миллион жыл бұрын өмір сүрген жас питон табылды

1588
Adyrna.kz Telegram

Германиядағы Мессель шұңқырында қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, өткен дәуірден қалған 820 қазба-олжа табылды. Олардың арасында 47 миллион жыл бұрын өмір сүрген жас питонның "бедер-ізі" де бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Германиядан бірегей қазба табылды. Қазба - cирек ұшырасатын жас питонның жақсы сақталған фоссилиясы,   оның жасы шамамен 47 миллион жыл деп есептелді. Бұл туралы тамыз айының соңында Сенкенберг жаратылыстану қоғамы (Senckenberg Gesellschaft für Naturforschung) хабарлады. Олар Мессель карьерінің (Grube Messel) аумағында кезекті қазба жұмыстары туралы есеп берді.

2023 жылдың ең қызықты олжасы саналатын алып жылан - 40 сантиметр. Оның  фоссилиясын зерттеу барысында біздің дәуірімізге дейін жер бетінде жорғалаған жас питон екені анықталды. Неміс мамандарының айтуынша, бірегей олжа - алып жыланның жаңа түрі.

Палеогерпетолог доктор Кристофер Смит (Dr. Krister Smith), бедерден жылан трахеясын, соның ішінде шеміршек сақиналарын анық көруге болатынын жеткізді. Жанартау шоғының арасында қалған питонның басы, құйрығы, шұбатылған денесі толық сақталған. Мұндай фоссилия аңғардан алғаш рет табылып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер