Астанада банк бөлімшесін кепілге алған азаматқа қатысты сот басталды

1241
Adyrna.kz Telegram
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Kaspi Bank филиалында адамдарды кепілге алу ісі қаралды, деп хабарлайды, "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

Сот үрдісін қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев жүргізеді. Айыптау мәнін Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Ақшураева тұжырымдады.

Тергеу деректері бойынша, сотталушы Мұрадов дәрі қолдану арқылы өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған. Есірткіден қажетті нәтиже алмаған ол банкті басып алу жоспарын ойлап тапқан. Прокуратураның хабарлауынша, Мурадов мұқтаж адамдарға ақша талап етпек болған, содан кейін оны қамауға алу кезінде тәртіп сақшылары атып өлтіруді жоспарлаған.

Мурадов жарылғыш құрылғыны қолдан жасаған (оттық пен темекі шегетін құралдан). Сонымен қатар сыйлық дүкенінен жеңіл қару сатып алған. Аталмыш құралдармен банк бөлімшесіне шабуыл жасап, қызметкерлерді кепілге алған.

- Осылайша, Мұрадов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабының 2-бөлігінің 4, 8, 9-тармақтарында (кепілге алу) көзделген әрекеттерді жасаған", - деп атап өтті прокурор Ақшураева.

Сотталушы өз кінәсін мойындады, бірақ кепілге алу кезінде есірткі қолданбағанын айтты.

Сот жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алуға кірісті.

18 маусымда Kaspi Bank елордалық бөлімшелерінің бірінде қарулы адам адамдарды кепілге алды.

Белгілі болғандай, басқыншы Жамбыл облысында дүниеге келген 1993 жылғы Әлихан Мұрадов атты ер адам Ол Астананың қақ ортасында орналасқан Каспи банкінің филиалына басып кірген. 7 адамды қамауға алып, банктегі барлық қаражатты кедей-кепшік пен мүгедектерге таратып беруді талап еткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтары бойынша (кепілге алу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, 2013 жылдан бері басқыншы наркологиялық диспансерде есепте тұрады. Қылмыстық істер бойынша екі рет сотталған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада қаруланған ер адам банктердің бірінде келушілерді кепілдікке алғанын хабарладық. Ол 7 адамды кепілге алып, талабы орындалмаса, үш сағаттан кейін біріншісін өлтіретінін ескерткен.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер