Министр Астанада тұруға байланысты сұрақта шатасқанын айтты

2183
Adyrna.kz Telegram

Бүгін түске дейінгі Үкімет отрысында премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға көшіп келушілерге шектеу енгізу дұрыс деп пікір білдірген. Министр түстен кейін журналистерді кеңсесіне шақырып, қойылған сұрақты дұрыс түсінбегенін жеткізді. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

"Астанада тұруға байланысты шектеуге тоқталайын. Астанада тұруға, келіп-кетуге шектеу жоқ. Конституцияға сәйкес бүгінге дейін елордаға келу мен кетуге ешқандай шектеу болмаған. Мұндағы шектеу тек адам тұруға арналмаған ғимаратты жалға бергендерге қатысты болады. Мысалы, гаражды жалға беретін адамдарға шектеу болады. Оны жалға алып тұрғандар бар. Ондай жерде адамды тіркеуге болмайды. Осы нысанды жалға берген адамның жауапкершілігін күшейту, яғни айыппұл мөлшерін 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке (51 750 теңгеден 103 500 теңгеге, 1 АЕК – 3450 теңге) дейін көтеру туралы ұсыныс жасалды. Қазіргі таңда бұл мәселені жұмыс тобы қарап жатыр", - деді Тамара Дүйсенова.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, министр Астанада тұрып, жұмыс істегісі келетін азаматтардың тұрғылықты мекенжайы болса, онда елордада тұра беруге болатынын ескертті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер