Ғасыр жасаған ардагер Қайырлы Жоңқабев дүниеден өтті

1635
Adyrna.kz Telegram

Әйгілі Панвиловшылар жасағының соңғы жауынгері Қайырлы Жоңқабаев дүниеден озды, деп хабарлайды “Адырна” порталы. 

Ғасыр жасаған қарт Қайырлы Уатайұлы 1921 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданында дүниеге келген.  Еңбек жолын 1940 жылы ШҚО Құлжа орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1941 жылы қазан айында Панфилов дивизиясының 23-ші гвардиялық полкіне Қызыл әскер жауынгері қатарына алынды.

Ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» және ІІ дәрежелі «Отан соғысының» орденімен, «Ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарымен және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.

 

Пікірлер