Тәуелсіздік күні. Тоқаев Өзбекстан халқын құттықтады

1512
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдап, Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін, – деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, 1991 жылы 31 тамызда Өзбек КСР Жоғарғы кеңесі Тәуелсіздік туралы қаулыны қабылдап, Өзбек КСР Өзбекстан Республикасы болып аталды. Сондай-ақ, 1 қыркүйек Тәуелсіздік күні деп жариялады. Ал 5 қыркүйекте сол кездегі президенті Ислам Кәрімов Ленин атындағы орталық алаңды Мустакиллик (Тәуелсіздік) деп атауға шешім шығарды.

Пікірлер