Қауіпсіздік кеңесі мен президент әкімшілігінің құрылымы бекітілді

1634
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен президент әкімшілігінің жаңа құрылымы бекітілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Құжатқа сәйкес, президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылды. Сондай-ақ төрт бөлім қысқартылды.

Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымы:

  1. Президент әкімшілігінің басшысы;
  2. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
  3. Президент кеңсесінің бастығы;
  4. Президенттің көмекшілері;
  5. Президенттің кеңесшілері;
  6. Президент әкімшілігінің бөлімдері.

Президенттің бірнеше көмекшісі болады. Олар:

  • ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша көмекшісі;
  • экономикалық мәселелер бойынша;
  • халықаралық мәселелер бойынша көмекшісі;
  • құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі;
  • президенттің ғылым және инновация мәселелері бойынша көмекшісі.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лаузымына Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды.

Бұдан бөлек, Руслан Желдібай президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, Ержан Қазыхан халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі, ал Ержан Жиенбаев құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.

Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушілері де бекітілді. Олар:

Қанатбек Жайсаңбаев – өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі;

Руслан Тұрғаналы – мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі;

Алексей Калайчиди – құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

Айдын Құлсейітов – әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі;

Ернар Лазар – сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі.

Ал Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, Расул Оразғұлов Қауіпсіздік кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Пікірлер