Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты

2243
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының жарлығымен 4 министр қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Олар:

  • Марат Кәрімжанұлы Қарабаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
  • Асхат Раздықұлы Оралов – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
  • Зүлфия Болатқызы Сүлейменова – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.
Пікірлер