Сәтқалиев АЭС бойынша референдум өткізудің қажеті жоқ деп есептейді

1597
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС  салу бойынша референдум өткізудің қажеті жоқ деп санайды. Бұл туралы ол парламент отырысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, оның орынбасары Жандос Нұрмағанбетов бұған дейін Қазақстанда атом электр стансасы бойынша референдум болмайтыны туралы айтқан еді.

Қазіргі процедураларға сәйкес референдум қажет емес, дегенмен мемлекет басшысы референдум болатынын анық айтты. Біз бұл тапсырманы орындаймыз, мен вице-министрдің (Нұрмағанбетов) не айтқанын көруім керек, - деді Сәтқалиев жұма күні парламент отырысында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу қажет болса, бұл мәселе референдумға шығарылатынына уәде берген болатын. Алайда шілденің 15-і күні Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов АЭС салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын мәлімдеді.

19 мамырда белгілі экономист-энергетик, «KEGOC» корпорациясының бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаев АЭС жақтастарына болашақта жасыл энергия үшін Т30 емес, 70 теңге төлеуді ұсынған болатын. Сарапшы АЭС бойынша президент уәде еткен референдумды ашық дауыс беру арқылы өткізу қажет деп есептейді.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, референдум қорытындысы бойынша атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауды тапсырды.

Пікірлер