Туризм және спорт министрі болған Ермек Маржықпаев туғандарының жері көп екенін айтты

2015
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Туризм және спорт министрі болып тағайындалған Ермек Маржықпаевтың отбасы - өте ауқатты. Ол өзінің бауырлары мен әйелінің Қазақстанның түкпір-түкпірінде жерлері бар екенін мойындады. Бұл туралы ол журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Менің отбасым үлкен. Бес ағам мен үш әпкем бар… Жерлері де бар. Қанша екенін айта алмаймын, -деді жаңа министр.

Сондай-ақ, кейбір мәліметтерге қарағанда, Маржықпаевтың әйелі Бурабайда қонақүйлерге иелік етеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол Ақмола облысының әкімі лауазымынан босатылған еді.

Пікірлер