Ауыс-түйіс әлі жалғасып жатыр. Ұлттық банкке жаңа төраға сайланды

1321
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна". 

4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2022 жылдың 3 ақпанында тағайындалған болатын.

Пірматовтың орнына Ұлттық Банк Төрағасы қызметіне Тимур Сүлейменов тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында айтылды.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Шетелдік бірқатар жоғары оқу орындарында білім алған.

Жаңа қызметке тағайындалған Тимур Сүлейменов 2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Пікірлер