Есірткі және психотроптық заттарды жасырғандар ұсталды

1121
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда ер адам психотроптық заттарды жасырған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі BAQ.KZ -ке сілтеме жасап. 

34 жастағы ер адам Ақтауда суши-маркеттер желісінің басшысы болып жұмыс істеген. Ал оған 32 жастағы ер адам көмектесіп, заңсыз әрекетке барған. Олар психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түю бойынша тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Екі азамат тұрғылықты жері бойынша және компания кеңсесінде тінту іс-шараларын жүргізу кезінде барлығы 692 грамм «мефедрон» синтетикалық препараты табылып, тәркіленген.

Заңға қайшы әрекетке барғандардың қылмысы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша сараланды, яғни, адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында, аса ірі мөлшерде сатып алуы, сақтауы, тасымалдауы. Сот қылмыстық топтың екі негізгі мүшесін 10 жылға бас бостандығынан айырды, - деді ол.

Пікірлер