Қазақстанда алғаш рет. Енді Жамбыл атындағы кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді

1519
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының тәулік бойы жұмыс істейтіндігі хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

- Қазақстанда алғаш рет! Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, Қазақстан Республикасының Перезиденті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасын жүзеге асыруда. 2023 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы тәулік бойы жұмыс істейді! - деп хабарлады кітапхана әкімшілігі.

Сонымен қатар, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында  «Q-PLANET» ағылшыл тілі клубы, «Білгім келеді» танымдық клубы, «LIB-MOVIE» кино кеші сынды қызықты үйірмелер бар. Мұнымен қоса, жас талапкерлер сейсенбі мен сенбі күндері математика пәнінен тегін курс ала алады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер